AIU өкілдері республикалық конференция аясында арт-терапия арқылы эмпатияны дамыту бойынша шеберлік сабағын өткізді
























23 қазанда Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту: шеберлік, әдістер және цифрлық тәсілдер» атты республикалық конференция аясында Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының өкілдері «Жүректен жүрекке: арт-терапия арқылы эмпатияны дамыту» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағын AIU Педагогикалық институтының инклюзивті және қосымша білім беру бөлімінің жетекшісі Айгүл Мендібайқызы Құсайынова «Үміт шырағы» волонтерлік клубының студенттерімен бірге өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – арт-терапия әдістері арқылы эмпатияны дамыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды түсіну мен қабылдаудың практикалық тәсілдерін таныстыру. Сонымен қатар әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруге, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аудару.
Конференцияға Қазақстан өңірлерінің, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасы өкілдері, әдістемелік орталық мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер, педагог-психологтер, арнайы педагогтер және педагог-ассистенттер қатысты.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар арт-терапияның практикалық әдістерімен танысып, инклюзивті білім берудің тәсілдерін меңгерді.
Конференция Астана халықаралық университеті өкілдеріне инклюзивті білім беру саласында кәсіби тәжірибе алмасуға және білім беру қоғамдастығы өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея










