AIU Орталық Азияның халықаралық білім беру форумында












Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында Орталық Азияның халықаралық білім беру форумы басталды. Ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жобаға Астана халықаралық университеті ректоры Анар Мырзағалиева қатысып жатыр.
Кейінгі жылдары Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындары арасындағы байланыс нығайып келеді. Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер мен оқытушылар алмасу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және кәсіби біліктілікті арттыру бағыттары – жоғары оқу орындары үшін тиімді бастама.
Іс-шараға Орталық Азия елдерінің білім беру саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері шақырылды. Бұл халықаралық серіктестікті нығайтуға, шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға және бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға жол ашады.
Бөлісу:
Фотогалерея






