AIU білім алушыларға жаңа мүмкіндік ұсынады












2026 жылғы 23 қазанда Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиеваның төрағалығымен AIU студенттеріне оқу жеңілдіктері мен жеңілдетілген шарттар ұсыну жөнінде комиссия отырысы өтті.
Жаңа оқу жылында білім алушыларды қолдауға және жоғары білімді қолжетімді етуге бағытталған жеңілдіктер мен жеңілдетілген шарттарға университет бойынша 800-ге жуық студент ие болды.
Жеңілдік «Алтын белгі» иегерлерін, академиялық үлгерімі жоғары білім алушыларды, колледж бен AIU түлектерін, шетелдік студенттерді, көпбалалы отбасы мүшелерін қолдауға бағытталған.
Бұдан бөлек университет ректор гранты арқылы дарынды студенттерді қолдауға және «Менің білімім – менің жетістігім» бағдарламасы аясында білім алушыларды ынталандыруға назар аударады.
AIU студенттердің сапалы білім алуына, олардың болашақта кәсіби маман атануына ерекше мән береді. Университет үшін маңызды міндеттің бірі – сапалы білімді қолжетімді ету. Сондықтан алдағы уақытта жаңа жеңілдік түрлерін ұсыну жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Фотогалерея






