AIU-да академиялық ұтқырлық пен IELTS мүмкіндіктеріне арналған кездесу өтті






20 қазанда Астана халықаралық университетінде академиялық ұтқырлық пен IELTS халықаралық емтиханына дайындық туралы кездесу өтті. Іс-шараны «Химия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Жиынға болашақ химия пәнінің мұғалімдері – 1-курс студенттері қатысты.
Кездесу спикері – ағылшын және орыс тілдері мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Жахина Дильназ Дулатқызы. Ол IELTS емтиханынан 7,5 балл жинаған тәжірибесін бөлісіп, емтиханға дайындалу бойынша кеңес берді.
Іс-шара барысында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен шетелде білім алудың маңызы жайлы ақпарат алды. Сондай-ақ олардың IELTS емтиханына өз бетінше дайындалуы мен тіл үйрену дағдыларын арттыруына ерекше назар аударылды.
Кездесудің мақсаты – 1-курс студенттерін халықаралық білім беру мүмкіндіктеріне қызықтырып, академиялық ұтқырлық конкурсына қатысуға және IELTS емтиханын тапсыруға ынталандыру.
Іс-шара соңында тәжірибесін бөліскені үшін Дильназ Жахинаға IDP IELTS директоры атынан арнайы сертификат табысталды.
Бөлісу:
Фотогалерея




