AIU-да «ИНКОМ» компаниясының инновациялық технологиялары таныстырылды
























Астана халықаралық университеті Томск облысының ғылыми-білім беру кешенімен 10 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді. Соның бірі –«ИНКОМ» ЖШҚ шағын технологиялық компаниясы.
2026 жылғы 15–16 қазанда Астана халықаралық университетінде «ИНКОМ» ЖШҚ-ның ақпараттық-талдамалық жүйелерді, мониторинг, хабарлау және диспетчерлік басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерді таныстыру жиыны өтті.
Іс-шара барысында университет басшылығына жоба таныстырылып, олардың қолданыстағы үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ «ИНКОМ» ЖШҚ мамандары су ресурстары министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері өкілдеріне өз бастамаларын ұсынды. Жобалардың тақырыбы мына бағыттарды қамтыды:
· Росгидрометтің бақылау желісінен метеорологиялық деректер жинау желісін құру технологиясы;
· Өзбекстанның алыс аймақтарындағы су ресурстарына мониторинг жүргізу тәжірибесі;
· Ресейдің орман шаруашылығын ақпараттандыру саласындағы тәжірибесі;
· Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы орман өрттерін бақылауға арналған аппараттық-бағдарламалық құралдарды әзірлеу жобасы;
· Кәсіпорынның жеке құрамын хабардар етудің автоматтандырылған жүйесі;
· Кәсіпорын нысандарының аумағын жергілікті бақылау жүйесі;
· Кәсіпорынның жеке құрамын хабардар етудің автоматтандырылған жүйесі.
Бөлісу:
Фотогалерея










