306
AIU-ДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

2026 жылғы 15 қазанда Астана халықаралық университетінің № 6 жатақханасында психологиялық қызметтің ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында AIU психологиялық қызметі «Эмоциялық интеллект: өзіңді және өзгелерді түсіну» тақырыбында интерактивті тренинг өткізді.
Кездесу барысында эмоциялық интеллектінің маңызы, ой, эмоция және мінез-құлық арасындағы байланыс, эмоцияларды тану мен білдіру тақырыбы сөз болды. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын бөлісті.
Жиын жастардың психологиялық сауатын арттыруға, өз эмоцияларын түсінуіне және өзгелермен жақсы қарым-қатынас орнатуына бағытталды.
Бөлісу:



