КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК












15 қазанда Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінде «Конституциялық құндылықтар және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Конституцияда бекітілген құндылықтардың маңызын талқылау, азаматтық жауапкершілікті нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге Құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен 3-4-курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз баяндамасын ұсынып, конституциялық құндылықтар, заң мен құқық, азаматтардың міндеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігі тақырыбын талқылады.
Пікір алмасу барысында Конституцияның маңызы, адам құқығы мен бостандығын қорғау және заң тақырыбындағы өзге мәселелерге назар аударылды.
Мұндай ғылыми-танымдық іс-шаралар болашақ заңгерлердің біліктілігін арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея






