«ТАРИХ ТОҚСАНДЫҒЫ» АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЭССЕ БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ






«Тарих тоқсандығы» аясында ұйымдастырылған шығармашылық іс-шара барысында 3-курстың қазақ тобындағы 80 студенті «Дін әлеуметтануы» және «Қазіргі Қазақстандағы дін және құқықтық реттелуі» пәндері бойынша «Менің діни өмірім» тақырыбында эссе жазды.
Студенттердің жұмыстарын сараптаған әділқазылар мазмұны мен ерекшелігіне қарап, 19 үздік эссені іріктеді. Кейін үздік жұмыстардың авторлары өзара бақ сынады.
Финалистерге төмендегі бес тақырып ұсынылды:
1. Шежіре – елдің діңгегі.
2. Музыка және дін.
3. Өнер және дін. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. Ғылым және дін.
5. Дәстүр және дін.
Бір апталық дайындық кезеңінен кейін жеребе арқылы финалдық турдың тақырыбы ретінде «Дәстүр және дін» бекітілді. Осы тақырып аясында 19 финалист өздерінің сыни ойлау қабілетін және шығармашылық ізденісін танытып, эссе жазды.
Финалға ұсынылған жұмыстарды Астана халықаралық университетінің Қазақ және орыс филологиясы мен тарих кафедрасының профессоры Жамбыл Елемесұлы Күзембаевтың жетекшілігімен әділқазылар алқасы тексеріп, үш үздік жұмыс анықталды.
Сонымен қатар әділқазылар өзіндік ой-пікірімен және шығармашылық ізденісімен ерекшеленген эссе авторларын атап өтті.
Үздік эссе авторлары:
1. Рысқұлбек Сұлтан
2. Өмірбек Айым
3. Елеусіз Аслан
4. Наурызбаева Еңлік
5. Жұмамұрад Ерболат
Байқау жеңімпаздары:
· I орын – Симбаев Мырзағали
· II орын – Райыс Абдуали
· III орын – Бақытжанова Алина
Байқау студенттерге дін мен дәстүрдің сабақтастығын ғылыми тұрғыдан пайымдауға, тарихи-мәдени құндылықтарды дамытуға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея




