Астана халықаралық университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада өтті






2026 жылғы 22 қазанда Астана халықаралық университетінде «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада өтті.
Іс-шараның мақсаты – дарынды студенттерді қолдап, болашақ педагогтердің филологияға қызығушылығы мен шығармашылық ойлау қабілетін арттыру.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша тапсырмаларды орындап, шағын эссе жазды. Екінші кезең шығармашылыққа ұласты. Бұл кезеңде студенттер ойлау қабілетін және шығармашылық көзқарасын байқатты.
Олимпиадаға барлығы 21 конкурстық жұмыс ұсынылды. Оларды «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы тексерді: Шахметова Н.А., Бектурова Ж.Б., Абжаков Т.Д., Кожагулова Г.К., Абильдинова Ж.Б., Нарманова Р.И. және Жаныбекова Б.Н.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленгендер тізімі:
· I орын – Лихоманова Анастасия (136 балл);
· II орын – Генахунова Сабина (134 балл);
· III орын – Ширимова Алена (125 балл).
Олимпиада қатысушылары жоғары деңгейдегі теориялық дайындықтарын, орыс тілін жетік меңгергенін және әдебиетке деген қызығушылығын көрсетті.
Олимпиаданың өтуі студенттердің академиялық білімін арттырып, шығармашылық қырын дамытуға, сондай-ақ кәсіби қызметіне қажетті дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлға – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жаныбекова Б.Н.
Астана халықаралық университеті ұжымы олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Сіздерге оқуда, ғылыми және шығармашылық қызметте толағай табыстар тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея




