AIU өкілдері Алматы мен Бішкекте өткен халықаралық білім беру көрмесіне қатысты


















2026 жылғы 18–21 қазан аралығында AIU делегациясы Алматы және Бішкек қалаларында өткен International Educational Fair 2026 халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
Көрменің мақсаты – университеттің білім беру бағдарламаларын таныстыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік талапкерлерге Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Іс-шара барысында университет өкілдері AIU-дың білім беру бағдарламаларын, оқуға түсу талаптарын, академиялық және кәсіби даму мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ көрме қонақтары университет мамандарынан кеңес алып, білім беру бағыттары мен оқу үдерісіне қатысты сұрақтарын қойды.
AIU өкілдері Бішкек қаласына сапары аясында Қырғызстанның бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, Орталық Азиядағы Америка университетінде, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде, ABC School және «Билимкана» білім беру ұйымдарында кездесу өткізді. Қазақстан мен Қырғызстанның білім беру ұйымдары арасындағы мұндай байланыс академиялық ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
International Educational Fair 2026 көрмесіне қатысу және Бішкектегі білім беру ұйымдарымен кездесу – Астана халықаралық университетінің серіктестікті дамытудағы маңызды қадамы. Бұл алдағы уақытта білім алушыларға арналған тиімді бастамалардың көбеюіне мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Фотогалерея








