AIU-да польшалық зерттеуші Людвика Мария Влодекпен кездесу өтті






























23 қазанда Астана халықаралық университетінде польшалық әлеуметтанушы, Орталық Азияны зерттеуші, оқытушы, журналист және публицист Людвика Мария Влодекпен кездесу өтті.
Людвика Мария Влодек – Варшава университетінің түлегі, әлеуметтану ғылымдарының докторы. 2011 жылдан бастап Варшава университетінің Шығыс Еуропаны зерттеу орталығында дәріс береді, ал 2012 жылдан бері «Орталық Азия» мамандану бағытына жетекшілік етеді. Сондай-ақ Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ресей және Орталық Азия елдері туралы зерттеу мақалалары мен бірнеше репортаж авторы.
Қонақ AIU студенттеріне Қазақстан мен Польша арасындағы саяси және экономикалық байланыстар туралы дәріс оқыды. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар студенттерге Польшада білім алу және халықаралық стипендиялық бағдарламаларға қатысу жолдары таныстырылды.
Дәрістен кейін Людвика Мария Влодек AIU басшылығымен кездесіп, пікір алмасты. Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен академиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Бөлісу:
Фотогалерея












