AIU-ДЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ ТМД-НЫҢ ШТАБ-ПӘТЕРІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ















Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гиззатов Саялбек Махамбетұлы 2026 жылғы 20-22 қазанда Беларусь Республикасында өткен «ТМД кеңістігіндегі музей бастамалары» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Минск қаласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының штаб-пәтерінде өткен конференцияның пленарлық отырысында AIU өкілі «ТМД елдеріндегі музей мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада ТМД елдеріндегі музейлердің ынтымақтастығы мәселесі сөз болды. Саялбек Махамбетұлы бірлескен көрме жобаларын ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу экспедицияларын өткізу, реставрациялық бағдарламаларды жүзеге асыру, музей коллекцияларын алмасу, мәдени мұраны цифрландыру және кәсіби байланыстарды дамытудың маңызына тоқталды. Ғалым халықаралық жобаларды талдау негізінде алдағы серіктестіктің бағыттарын айқындады.
Конференцияны ТМД Атқарушы комитетінің, Беларусь Республикасы Мәдениет министрлігінің және ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен «Несвиж» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырды.
Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 50-ден астам ғалым, музей қызметкері және жоғары оқу орындарының оқытушысы қатысты.
Бөлісу:
Фотогалерея







