Астана халықаралық университетінің президенті Азия ғылым академиясының вице-президенті болып сайланды





















Дүниежүзі халқының 60 пайызы Азияда тұрады. Әлемдік ғылыми жарияланымдар мен жаңалықтардың 45 пайызы азиялық ғалымдарға тиесілі. Нәтижесінде ғылыми зерттеулердің көлемі бойынша Азия Солтүстік Америка мен Еуропаны басып озды. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша рецензияланатын мақалалардың тең жартысын Азия ғалымдары жариялайды.
Scopus және NSF дерекқорларына сәйкес, ҚХР ғалымдары жыл сайын шамамен 930 мың мақала жариялап, әлемдік көшті бастап тұр. Үндістанда жылына 220 мың ғылыми еңбек жарияланады. Бұл ел әлемде үшінші орында және дүниежүзіндегі мақалалардың 7-8 пайызын құрайды. Жапония мен Оңтүстік Кореяның үлесі 5-6 пайыз, ал Иран, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Пәкістан және Индонезияның еншісінде шамамен 4-5 пайызы.
Жасанды интеллект, материалтану, химия және нанотехнологиялар секілді стратегиялық салаларда Қытай мен Оңтүстік Корея ғалымдары дәйексөзді АҚШ зерттеушілеріне қарағанда екі есе көп жариялайды.
Алдағы уақытта Азия ғылыми қауымдастығының әлеуетін арттыру үшін түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 100-ден астам ғалым бас қосып, Азия ғылым академиясын құрды. Академия штаб-пәтері Гонконг қаласында орналасқан халықаралық коммерциялық емес қауымдастық ретінде тіркелді.
Қазір Азия ғылым академиясының құрамына 25 елдің ғалымдары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ұлттық ғылым академияларының президенттері мен вице-президенттері, министрлер мен вице-министрлер, парламент депутаттары, ректорлар және ғылыми-зерттеу институттарының басшылары кіреді. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Түркия, Иран, Малайзия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Моңғолия, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Польша, Молдова, Грекия, Беларусь және Бангладеш өкілдері бар.
Биыл 20-23 қазан аралығында Санья қаласында (Хайнань, ҚХР) Азия ғылым академиясының алғашқы Бас ассамблеясы өтті. Жиында маңызды мәселелер шешіліп, алдағы стратегиялық бағыттар белгіленді. Қытай Халық Республикасы Үкіметі тарапынан Академия ғимаратын салу үшін 100 гектар жер бөлінді. Онда Азия ғылым академиясының орталықтары мен ғылыми зертханалары орналасады.
Бұл – еліміз үшін өте маңызды жаңалық. Өйткені, Астана халықаралық университетінің президенті С.А. Ирсалиев Азия ғылым академиясының вице-президенті болып сайланды.
Азия ғылым академиясына халықаралық жетістіктер және толағай табыстар тілейміз! Астана халықаралық университеті ғылым жолындағы бастамаларды әрдайым қолдайды.
Бөлісу:
Фотогалерея









