AIU студенттері республикалық ғылыми конференцияда жүлделі орындарға ие болды















2026 жылғы 23 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өткен «Тарих және тағылым» атты магистранттар, студенттер және жас зерттеушілердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Астана халықаралық университетінің тарих мамандығының студенттері жүлделі орындарға ие болды.
«Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубының 25 жылдығына арналған конференция жас зерттеушілердің ғылыми ізденісін қолдауға, тарихи білімді тереңдетуге және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға бағытталды. Конференция аясында Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі мен мәдени-ағартушылық мұрасы, сондай-ақ тарих ғылымындағы цифрлық технологиялар мен инновациялық зерттеу әдістері қарастырылды.
Конференция қорытындысы бойынша университетіміздің студенттері жүлдегер атанды:
І орын: Еркірқызы Ақгүл, Еркін Жанайым, Несіпбек Юсуф.
ІІ орын: Таскараев Дамир, Түсей Анар, Кубашева Дана, Құдабай Леонора, Төлегенұлы Айбек, Баянбек Фарида, Құлжігітова Аружан, Абилда Жанерке.
ІІІ орын: Тлеу Нұрайым, Ибрагим Жансая, Аманжол Ільияс, Кисанов Шалқар, Сағын Айым.
Бұл жетістік студенттеріміздің ғылыми ізденіске ынтасын және тарихқа деген қызығушылығын көрсетеді. Республикалық ғылыми ортада өз жұмыстарын таныстыру жас зерттеушілерге тәжірибе жинауға, пікір алмасуға және зерттеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Жүлдегер студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! Жас зерттеушілерге тың идеялар, нәтижелі ізденістер және ғылыми жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея







