AIU мен Erasmus University Rotterdam стратегиялық серіктестік мүмкіндіктерін талқылады















10 қарашада Астана халықаралық университетінде Erasmus University Rotterdam өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар университеттер қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Серіктестіктің негізгі бағыты – экономика, менеджмент, мемлекеттік басқару, құқық және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы білім беру үдерісіне халықаралық тәжірибені енгізу. Сондай-ақ екі елдің университеттері арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың бағытын айқындау болды.
Кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықтар сыйға тартылды. Тараптар бір-біріне ризашылығын білдіріп, алдағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Бөлісу:
Фотогалерея







