ЛАНДШАФТТЫҚ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР









9 қарашада Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану пәндері кафедрасында PhD Керімбай Б.С. «Ландшафттық геоэкологиялық зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – ландшафттарды зерттеудің заманауи ғылыми-әдістемелік негіздерін талқылау, физикалық географияның іргелі зерттеу әдістері арқылы геоэкологиялық мәселені шешу.
Семинар барысында ландшафттарды компоненттік, кешенді және жүйелік тұрғыдан зерттеуде қолданылатын физика-географиялық әдістер, олардың ғылыми зерттеулердегі ерекшеліктері мен практикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар климаттық өзгерістер, құрғақшылық ландшафттардың трансформациясы және қоршаған ортаның жағдайын үздіксіз мониторингтеуге ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері де ұсынылды. Атап айтқанда, автордың жарық көрген монографиялары, оқу құралдары және ғылыми-әдістемелік еңбектері таныстырылды.
Семинар ғылыми зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негіздерін терең түсінуге, тәжірибе алмасуға және география ғылымындағы іргелі зерттеу әдістерін кеңірек насихаттауға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея





