AIU-да магистранттарға арналған бинарлық дәріс өтті












Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институтында магистранттарға арналған «Инновациялық стратегиялар мен технологиялар» тақырыбында ашық дәріс өтті. Сабақ педагогикалық дуэт форматында ұйымдастырылып, оны педагогика ғылымдарының докторы, профессор З.Д. Баубекова мен бірінші курс магистранты Н.Б. Курамысова жүргізді.
Дәріс барысында рефлексияның мәні мен оның цикл кезеңдері, рефлексивті технологиялардың негізгі қағидаттары, оқыту ойындарының қызметтері, А. Осборнның миға шабуыл әдісі, У. Гордонның синектикасы, «Күріш бұршағы» әдісі, сондай-ақ рефлексивті қызметті ұйымдастыру кезінде жиі кездесетін қателіктер қарастырылды.
Бинарлық дәрістің басты ерекшелігі – оқытушы мен магистрант арасындағы байланысты нығайту. Профессордың ғылыми-педагогикалық тәжірибесі мен магистранттың бастамасы бір алаңда тоғысып, жас буын өзіне қажетті тәжірибе жинады. Кездесу магистранттарға идея алмасып, тиімді педагогикалық бастамаларды бірге талқылауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Фотогалерея






