PROD халықаралық олимпиадасының хакатоны өз мәресіне жетті
























Астана халықаралық университетінде үш күнге созылған өнеркәсіптік бағдарламалау бойынша PROD халықаралық олимпиадасының хакатоны аяқталды. Елордада алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 8-12-сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Хакатонды Астана халықаралық университеті, Орталық университет және Қазақстандағы MyFreedom халықаралық IT-мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар командаларға бөлініп, тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен нақты бизнес міндеттерді шешуге бағытталған жобалар әзірледі. Үш күн ішінде жас бағдарламашылар өз идеяларын дамытып, бизнес бағытындағы техникалық шешімдерін ұсынды.
Байқау қорытындысында үздік жобалар анықталып, жеңімпаз командалар PROD халықаралық олимпиадасының келесі кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея










