276
AIU-да «Алтын күз – молшылық пен береке мерекесі» тақырыбында іс-шара өтті












1 / 4
13 қарашада Астана халықаралық университетінде «Алтын күз – молшылық пен береке мерекесі» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Жиынды биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнара Әділгерейқызы «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні аясында 3-курс студенттерімен бірге ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – болашақ биология мұғалімдерін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістеріне үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Шара барысында студенттер танымдық ойындар мен сайыстарға қатысып, күзгі табиғаттың ерекшелігі туралы ойларын бөлісті. Мұндай жұмыстар болашақ педагогтердің ұйымдастырушылық қабілетін дамытып, креативті ойлау дағдыларын дамытады.
Бөлісу:
Фотогалерея






