AIU мен Le Cordon Bleu бірлескен білім беру бастамаларын талқылады



























Астана халықаралық университетіне қонақ үй қызметтері мен азпаздық мектептердің халықаралық желісі Le Cordon Bleu өкілі Ки Джун Хён қонақ болды.
Le Cordon Bleu 1895 жылы Парижде құрылған. Қазір оның білім беру мекемелері бес құрлықта жұмыс істеп, аспаздық өнер, кондитерлік шеберлік, нан пісіру, қонақ үй және мейрамхана менеджменті бойынша мамандар даярлайды.
Кездесуде Ки Джун Хён Le Cordon Bleu-дің білім беру бағдарламалары мен халықаралық тәжірибесі туралы ақпарат берді. Тараптар студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және қонақ үй индустриясына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған жобалар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ мейрамхана ісі және менеджмент бағыттарындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Бөлісу:
Фотогалерея











