AIU делегациясы ҚХР-дың Цилу технологиялық университетіне іссапармен барды















14 қарашада AIU делегациясы университет ректоры Анар Мырзағалиеваның басшылығымен Қытай Халық Республикасының Цзинань қаласындағы Цилу технологиялық университетіне іссапармен барды.
Кездесудің мақсаты – бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу және студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған тәжірибе алмасу бастамасын талқылау.
Бұл сапар – екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыстың жалғасы. Өйткені бұған дейін, 24 қыркүйекте Цилу технологиялық университетінің ректоры Дуань Пэйюн бастаған делегация Астана халықаралық университетіне ресми сапармен келген болатын. Сол кездесуде бірлескен институт ашу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу жөнінде ұсыныстар айтылып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Цзинань қаласындағы кездесу жоғары дәрежеде өтіп, тараптарға бұған дейін келісілген бастамаларды нақтылауға мүмкіндік берді. Сапар екі елдің университеттері арасындағы ғылыми және академиялық байланысты нығайтуға бағытталған.
Бөлісу:
Фотогалерея







