Белгілі археолог Зейнолла Самашев AIU студенттеріне дәріс өткізді































































Бүгін Астана халықаралық университетінде белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевтің ашық дәрісі өтті.
Ғалым «Тарбағатайдағы Елеке сазы қағандық еске алу-ғұрыптық кешені және Қазақ Алтайындағы Берел қорғандары» тақырыбында баяндама жасады. Дәріс барысында аталған археологиялық ескерткіштерде жүргізілген зерттеу жұмыстары мен табылған тарихи жәдігерлер жайлы айтылды.
Зейнолла Самашев Елеке сазы мен Берел қорғандарын зерттеудегі тәжірибесін бөлісіп, археологиялық экспедициялардың нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ көне дәуірдегі жерлеу дәстүрлері, дала өркениетінің мәдениеті және тарихи мұраны сақтау мәселелері сөз болды.
Дәрістен кейін Зейнолла Самашев Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Саят Баймұратұлымен бірге AIU-дың Шығыс мұражайын аралады. Археолог тарихи мұраны зерттеу мен сақтаудың маңызын атап өтіп, университет мұражайының экзпозицияларына жоғары бағасын берді.
Бөлісу:
Фотогалерея























