AIU басшылығы белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашевпен кездесті

































Бүгін Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиеваның басшылығымен университет өкілдері белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевпен кездесті.
Кездесуге AIU-дың жоғары мектеп декандары мен департамент директорлары, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Азат Айтқали және Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, практика жетекшісі Максим Половцев қатысты.
Басқосу барысында археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, тарихи мұраны сақтау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар студенттерге арналған дәрістер ұйымдастыру, археология саласындағы білім беру бағыттарын дамыту және білім алушылардың далалық зерттеулер мен археологиялық экспедицияларға қатысу мүмкіндіктері сөз болды.
Қатысушылар ғылыми мекемелер мен университет арасындағы байланысты нығайту, жас зерттеушілерге тәжірибелік қолдау көрсету және археологиялық мұраны зерттеуге бағытталған ортақ бастамаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу:
Фотогалерея













