АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ДОКТОРАНТЫ ИСПАНИЯДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ









Астана халықаралық университетінің Экономика жоғары мектебі 8D04101 «Өнеркәсіп экономикасы» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Марденова Д. А. Испанияның Бильбао қаласындағы Деусто университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбекке бейімделуі және әлеуметтік-экономикалық интеграция саласындағы халықаралық тәжірибені арттыру.
Бағдарлама аясында ғылыми консультациялар өткізіліп, инклюзивті жұмыспен қамтуды дамытудың заманауи еуропалық тәсілдері, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіби интеграция саласында маманданған Lantegi Batuak және GIZATEA ұйымдарының практикалық тәжірибесі зерттелді.
Еңбекке бейімделудің ұйымдық-экономикалық тетіктерін талдауға, олардың тиімділігін бағалауға және шетелдік тәжірибені Қазақстан жағдайында қолдану перспективаларына ерекше назар аударылды.
Тағылымдама нәтижелері алдағы уақытта диссертациялық зерттеуде, ғылыми жарияланымдар дайындауда және еліміздегі инклюзивті жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіру мақсатында қолданылады.
Бөлісу:
Фотогалерея





