AIU-да «New Generation 2026» студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

















































































20 қарашада Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Астана халықаралық университетінің бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған «AIU: New Generation 2026» салтанатты кеші өтті.
Іс-шарада AIU-дың жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Есбол Есенбайұлы сөз сөйлеп, бірінші курс білім алушыларын студент қатарына қабылдануымен құттықтады. Ол жастарға білім жолында табыс тілеп, университет ұсынатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.
Кеш барысында «Аманат» ансамблі, «Бегімай», «AIU Tunes», «Дударай», «Dancing High», «Өзге театр» клубтары және «Sheker quramasy» жайдарман тобы өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаны университеттің жеке орындаушылары мен шығармашылық дуэттері жалғастырды. Ал кештің арнайы қонағы – әнші Абзал Утешов көрерменнің жүрегіне жол тапқан тың туындыларын орындап, тыңдарманын тәнті етті.
«AIU: New Generation 2026» – бірінші курс студенттеріне университеттің академиялық, қоғамдық және мәдени өмірін жақын таныстырып, оларға әдемі естелік сыйлауға бағытталған шығармашылық жоба.
AIU-дың бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдануымен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея





























