AIU-да «Ecolifestyle: Zero Waste қағидаттары және қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті


















Астана халықаралық университетінде «Рекреациялық география және туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Ecolifestyle: Zero Waste қағидаттары және қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында практикалық шеберлік сабағы өтті.
Кездесуді эколог, экобелсенді және AIU экоклубының жетекшісі Айдана Қыдырова жүргізді. Ол студенттерге қалдықтарды жауапты тұтынудың қағидаттарын күнделікті өмірге енгізу, оларды дұрыс сұрыптау және пластик түрлерінің таңбаларын ажырату жолдарын түсіндірді.
РГжТ-25б тобының студенттеріне арналған кездесуді топ эдвайзері, аға оқытушы Салтанат Жанабаева ұйымдастырды.
Шеберлік сабағының мақсаты – табиғи рекреациялық аумақтарды сақтау және туризмнің тұрақты дамуындағы маңызды мәселелер талқылау. Сонымен қатар, қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға көмектесетін қарапайым әрі тиімді экоәдеттермен танысты.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея








