AIU оқытушысы Кембридж университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты






Кез-келген ғалым үшін халықаралық ортада тәжірибе алмасу жаңа байланыстар орнатуға көмектеседі. Осы бағытта университет тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызы зор.
Астана халықаралық университетінің оқытушысы, PhD Есен Сырым Ғадылбекұлы жақында Ұлыбританияға ғылыми сапармен барып, Кембридж университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты. Ол ғылыми жиында Жошы хан тарихына қатысты зерттеулерін ұсынып, нәтижесін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстырды.
Кембридждегі сапар барысында ол шетелдік ғалымдармен пікір алмасып, тәжірибе жинақтады. Конференцияға қатысу – болашақта шетелдік ғалымдармен бірге ортақ жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік.
AIU басшылығы оқытушылары мен ғалымдарын қолдап, ғылымның дамуына үлес қосуға әрқашан дайын. Бұл университеттің халықаралық дәрежедегі білімін дамытып, білікті мамандарды дайындау үшін өте маңызды.
Бөлісу:
Фотогалерея




