AIU студенттері AI & Digital Bridge 2026 форумында инновациялық жобаларын таныстырды















Астана халықаралық университетінің студенттері Ахмет Нұржан Мұхтарұлы, Берікқазы Мәди Мұхитжанұлы және Царенко Марк Евгеньевич 1-3 қазан күндері Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында өткен AI-Sana көрмесінде өздерінің технологиялық жобаларын таныстырды.
AIU командасы төрт жобаны ұсынды:
· OquNet – кітап алмасуға арналған платформа;
· RAAVA – IELTS және SAT емтихандарына дайындалуға арналған жасанды интеллект сервисі;
· JETU – ҰБТ-ға дайындық платформасы;
· SecureProctor – онлайн емтихандардың өтуін бақылауға арналған бейнепрокторинг жүйесі.
Студенттер дайындаған жобалар жасанды интеллектінің, білім беру технологиялары мен цифрлық қауіпсіздік құралдарының іс жүзінде қолданылуын көрсетеді. Олар білім сапасын арттыруға және білім беру ресурстарын қолжетімді етіп, цифрлық ортада академиялық адалдықты сақтауға бағытталған.
Халықаралық технологиялық форум AIU студенттеріне өз жобаларын таныстырып, өзге университеттердің командасымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мұнда түрлі технологиялар көрмесі, ЖИ және робототехника, стартаптар мен цифрлық жобалардың таныстырылымы өтті.
Бөлісу:
Фотогалерея







