AIU-да профессор Дипанджан Наг шеберлік сабағын өткізді












8 қазанда Астана халықаралық университетінде зияткерлік меншік, технологиялар трансфері және венчурлық инвестициялар саласының халықаралық сарапшысы, Rutgers University профессоры Дипанджан «DJ» Нагтың «Гарвард келіссөздер әдісі: миллион долларлық мәмілелерді қалай жасауға болады?» атты шеберлік сабағы өтті. Ол Гарвард келіссөздерінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, тараптардың өзара тиімді шешім қабылдау жолдарына тоқталды.
Сонымен қатар, қатысушылар келіссөз барысында қолданылатын BATNA әдісімен танысты. Бұдан бөлек міндетті талаптар мен өзге де мүмкіндіктерді алдын ала қарастырудың маңызы түсіндірілді.
Профессор технологиялық мәміленің негізгі шарттарына да назар аударды. Атап айтқанда, зияткерлік меншікті пайдалану, нарықты зерттеу, лицензия, бастапқы төлем, роялти мөлшері, өнімді іске қосу мерзімі сынды тақырыптар сөз болды.
Үш сағатқа созылған шеберлік сабағы ғылыми идеяларды коммерцияландыру, технологиялық жобаларға инвестиция тарту және зияткерлік меншікті тиімді басқару әдістерін түсіндіруге бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея






