Creative Computing Institute аға оқытушысы Nicola Plant AIU студенттерімен кездесті


















30 қыркүйекте Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білім алушылары University of the Arts London (UAL) құрамындағы Creative Computing Institute (CCI) аға оқытушысы Nicola Plant өткізген қонақ дәрісіне қатысты.
Nicola Plant – өнер мен заманауи технологияларды ұштастырып, цифрлық медиа саласында зерттеу жұмыстарын жүргізетін маман. Оның кәсіби қызметі интерактивті жобаларды әзірлеу, иммерсивті орта қалыптастыру және XR технологияларын зерттеумен байланысты.
Суретшінің шығармашылық жобалары Лондон қаласындағы Barbican Centre және V&A Museum секілді беделді мәдени орталықтарда көпшілік назарына ұсынылған.
Кездесу соңында қатысушылар шетелдік маманға өз сұрақтарын қойып, идеяларын бөлісті. Сондай-ақ креативті технологиялардың қазіргі дамуы мен болашақтағы мүмкіндіктерін талқылады.
Бөлісу:
Фотогалерея








