AIU ЖӘНЕ «ASTANA TOURISM» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС MICE-ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШІН МАМАНДАР ДАЯРЛАУДА КҮШ-ЖІГЕРІН БІРІКТІРЕДІ

Astana International University мен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы»
ЖШС Астана қаласында MICE-туризмді дамытуға, бірлескен білім беру және тәжірибеге
бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ 6В11101 «Туризм» білім беру
бағдарламасы аясында Қазақстанның туристік индустриясы үшін жоғары білікті мамандар
даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерінің бірі ретінде Astana Tourism
сарапшылары әзірлеген бірегей «MICE Management» курсы ұсынылды. Курс халықаралық
конференциялар, көрмелер, форумдар және басқа да іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру
саласында жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Бағдарлама әлемдік үздік
тәжірибелерді Қазақстандағы MICE-индустриясының даму ерекшеліктерімен
ұштастырады.
Курс бағдарламасы іс-шараларды стратегиялық басқару, MICE-дестинациялар
маркетингі, халықаралық конгрестерді тарту (bidding) үдерістері, цифрлық технологиялар,
жасанды интеллект, іс-шаралардың экономикалық тиімділігін талдау, тәуекелдерді басқару
және тұрақты даму қағидаттарын қамтиды. Сонымен қатар студенттердің практикалық
даярлығына ерекше көңіл бөлінеді: нақты кейстермен жұмыс істеу, салалық жобаларға
қатысу, индустрия өкілдерімен кездесулер өткізу және Астананы халықаралық MICE-
дестинация ретінде ілгерілетуге бағытталған жеке жобаларды әзірлеу.
Astana International University мен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы»
ЖШС арасындағы серіктестік білім беру мен туристік индустрияның өзара байланысын
нығайтудағы маңызды қадам болмақ. Бұл ынтымақтастық студенттердің мүмкіндіктерін
кеңейтіп, кадрлар даярлау сапасын арттыруға және Қазақстанның іскерлік туризмін
халықаралық деңгейде дамытуға қабілетті кәсіби мамандар қауымдастығын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірлескен бастамалар Астананың Орталық Азиядағы
жетекші MICE-туризм орталықтарының бірі ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
ықпал етеді.
Бөлісу:



