AIU–UIBE ҚОСДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БІРІНІҢ ДИПЛОМДАРЫН ИЕЛЕНДІ















2022 жылғы қабылдау бойынша 6В04122 «Халықаралық бизнес»
білім беру бағдарламасының студенттері өздерінің студенттік өміріндегі
маңызды әрі есте қаларлық кезеңді сәтті аяқтады. Түлектер University of
International Business and Economics (UIBE, Қытай) университетінде өткен
салтанатты диплом табыстау рәсіміне қатысып, қос диплом бағдарламасы
бойынша оқуын табысты тәмамдады. Төрт жылға созылған қажырлы
еңбек, үздіксіз ізденіс, жаңа білім мен халықаралық тәжірибеге толы жол
өз мәресіне жетті. Бағдарламамыз үшін ерекше мақтаныш болған жайт –
топ старостасы Жаубасов Сағымбай Серікұлы оқу үлгерімі мен белсенді
қоғамдық қызметі үшін үздік студенттердің бірі ретінде салтанатты рәсім
барысында国际学院 (Халықаралық институт) туын алып жүру құрметіне
ие болды.
Түлектерімізді осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен
құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарында биік белестерді бағындырып,
кәсіби қызметтерінде толағай табыстарға жетулеріне тілектеспіз. Алған
білімдері мен халықаралық тәжірибелері олардың жарқын болашағының
берік негізіне айналсын!
Бөлісу:
Фотогалерея







