ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН ӘРІПТЕСТІК: БОЛАШАҚ ЭКОНОМИСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУЫ












«Экономика» білім беру бағдарламасы апталығы аясында экономикалық
мамандықтарда білім алатын студенттер үшін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-
да танымдық кездесу өтті. Э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ерниязов Р.А.
ұйымдастырған сапар барысында студенттер экономикалық зерттеулердің заманауи
бағыттары туралы құнды мәліметтер алып, аналитикалық жұмыстың практикалық
қырларымен танысты және теориялық тәсілдердің нақты қызмет барысында қалай жүзеге
асырылатынын көрді. Сарапшылардың пікірлерін тыңдап, өздерін қызықтырған
сұрақтарды қою мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды.
Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал
ете отырып, Тұрақты даму мақсатының 8-ші бағыты — «Лайықты еңбек және
экономикалық өсу» маңыздылығын айқын көрсетеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымы
мен зерттеу институты арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы Тұрақты
даму мақсатының 17-ші бағыты — «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» қағидаттарын
іске асыруға үлес қосады. Астана халықаралық университетінің студенттері үшін мұндай
кездесулердің маңызы зор: олар болашақ мамандықты тереңірек түсінуге, дүниетанымды
кеңейтуге және әрі қарай кәсіби дамуға ынталандырады.
Бөлісу:
Фотогалерея






