ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ: ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ІСКЕРЛІК САПАР












Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Астана халықаралық
университеті Экономика жоғары мектебінің делегациясы құрамында декан З.К.
Смагулова, деканның орынбасары Б.Ж. Балтабаев және EMBA бағдарламасының
үйлестірушісі Г.И. Нұржанова Өзбекстан Республикасының жетекші жоғары оқу
орындарына – Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетіне,
Самарқанд экономика және сервис институтына және Бұхара мемлекеттік университетіне
іссапармен барды.
Іскерлік кездесулер барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының
академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру,
ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және
халықаралық ғылыми басылымдарда бірлескен жарияланымдар дайындау мәселелері
талқыланды.
Сапар барысында Самарқанд мемлекеттік университетінің цифрлық экономика,
адами ресурстарды басқару және желілік экономика кафедраларымен тікелей байланыстар
орнатылды. Кездесулер нәтижесінде 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық
ұтқырлық бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді, Самарқанд экономика және
сервис институтымен ынтымақтастық туралы келісім жобасы келісілді және ғылыми-білім
беру саласындағы болашақ өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары айқындалды.
Бұхара мемлекеттік университетінің Экономика және туризм факультетінің
деканымен және Туризм мен қонақжайлылық шаруашылығы кафедрасының
меңгерушісімен өткен кездесуде тәжірибеге бағытталған оқыту, заманауи білім беру
технологияларын енгізу және Туризм бағыты бойынша университеттер арасындағы
ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Делегация мүшелері
өзбекстандық әріптестердің білім беру үдерісін ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу қызметі
және халықаралық байланыстарды дамыту тәжірибесімен танысты. Тәжірибе алмасу білім
беру бағдарламаларын басқарудың, ғылыми бастамаларды қолдаудың және студенттердің
әлеуетін дамытудың тиімді тәжірибелерін зерделеуге мүмкіндік берді.
Серіктес университеттердің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына
жылы қабылдауы, ынтымақтастыққа ашықтығы және жаңа халықаралық бастамаларды
жүзеге асыруға дайын екендігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қол жеткізілген
келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық байланыстарды одан әрі
нығайтуға негіз болып, білім беру, ғылым және жоғары білікті мамандар даярлау ісінің
дамуына ықпал етеді деп сенеміз.
Бөлісу:
Фотогалерея






