Хабарландыру

⚡️Магистратураға түсушілерге арналған ақпарат.⠀
2022 ж. 3 қар., бс, 11:31

Сіздерге 2022 жылғы 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.⠀

✔️Кешенді тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.⠀

✔️Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.⠀

✔️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 22 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.⠀

✅КТ-ның шекті балдары келесідей:⠀

🔻Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).⠀

🔻Бейінді магистратура – 50балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).⠀

✅Оның ішінде:⠀

✔️Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);⠀

✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;⠀

✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ "TOM: ASTANA"МЕЙКАТОН ӘЛЕУМЕТТІК МАРАФОНЫНДА
2022 ж. 6 қаз., бс, 10:02

Серіктес ЖОО-Назарбаев Университетінің базасында "TOM: Astana" Мейкатон әлеуметтік марафоны басталады, оған ЖОО студенттері мен оқытушылары қатыса алады. Макатон 2 кезеңде өтеді, бірінші кезең-PreTOM-21 Қазан, екінші кезең-TOM-25-28 қараша. Жобаның мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандарға прототиптік өнертабыстар жасау.

Мейкатон-бұл инновацияларды жасай алатын және жасағысы келетін, мүмкіндігі шектеулі жандар ортасында бар шешімдерді ұтымды ете алатын, халықтың, қаланың, облыстың, елдің әртүрлі санаттарының пайдасына қораптан тыс ойлау мен дағдыларды көрсететін жастарға арналған алаң. 72 сағаттың қорытындысы бойынша әр команда қазылар алқасының мүшелеріне есту, көру, тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдардың мәселелерін шешетін дайын прототиптерді көрсетуі керек. Мейкатон барысында командалар бағдарламалау, спорттық медицина, оңалту саласындағы мамандарға кеңес берумен сүйемелденетін болады.

Нұр-сұлтан қаласында "Астана жастары" Жастар ресурстық орталығы және "Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ және "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" РҚБ қоғамдық бірлестігінің қолдауымен "ҚР Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы"ЗТБ тұрақты ұйымдастырушылары болып табылады.

Қатысуға өтініш беру мерзімі-2022 жылғы 8 қазанға дейін. Университеттің байланыс тұлғасы: Балтабаев Болат Жанбекұлы, 8(777) 176-61-58

AIU-Dormitory-ге өтінім беру 25-ші тамызда тоқтатылатынын хабарлаймыз!
2022 ж. 24 там., ср, 10:39

📌 Құрметті абитуриенттер, білімгерлер және ата-аналар!


✏️ 2022 - 2023 оқу жылына арналған AIU-Dormitory-ге өтінім беру 2️⃣5️⃣-ші тамызда тоқтатылатынын хабарлаймыз! Өтініш беру aiu_dsa инстаграм 📲 парақшасы немесе aiu.kz  сайтынан көре аласыздар. 


➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖


🏬 AIU-Dormitory-ге қатысты келіп жатқан бірнеше сұрақтарға жауап беріп кетуді жөн көріп отырмыз:

❓ Мекен-жайы туралы анықтаманы қайдан аламыз?

2016 жылдан бері ол анықтама алынып тасталғаны бәрімізге мәлім. Алайда, білімгерлердің тұрақты мекен-жайын білу мақсатында "Егов" қосымшасы арқылы тіркелуден өтіп профильге кіру арқылы мекен-жайды таба аласыздар. 


❓ Сонымен қатар, отбасы туралы анықтаманы сұрап жататындар бар. Барлық балаларыңыздың жеке куәліктерінің көшірмесін тапсыруға болатындығын ескертеміз❗


✏️ Сообщаем, что подача заявки на AIU-Dormitory на 2022-2023 учебный год будет прекращена 2️⃣5️⃣ августа! Подать заявку можно на странице aiu_dsa Instagram 📲 или вы можете посмотреть на сайте aiu.kz.

https://www.instagram.com/p/ChosYiUrvBy/?igshid=MDJmNzVkMjY=

"Алтын сақа" балалар әдебиеті шығармарларының республикалық байқауы
2022 ж. 5 там., жм, 07:42

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. ...Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Өскелең ұрпаққа тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық сананы жаңғырту өте маңызды.

Қазіргі таңда балалар әдебиеті жанрының кенже қалып тұрғаны жиі талқыланады. Бала тәрбиесіне, зердесіне, таным-түсінігіне және қиял-ғажайып әлеміне әсер ететін негізгі құралдардың бірі – балалар әдебиеті оқулықтары мен телеарналар. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар-көзімен сусындата білу. Бұл балалардың таным көкжиегін арттырып, ертегілер мен әңгімелерден пайдалы ақпарат, мол тәлім алуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және т.б. ізгі қасиеттерге баулу өте өзекті.

Осыған орай, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – балалар әдебиеті дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету.

Байқаудың қатысушылары:

- Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.

Байқаудың тілі: қазақ тілі.

Байқаудың бағыттары:

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағыт бойынша бақ сынайды:

– Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған);

– Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған).

Байқаудың мерзімдері:

Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жарияланады;

Байқауға қатысушы үміткер өзінің шығармасын және жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымшада берілген), бір файлға жүктеп («Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен), altyn.saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет;

Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;

Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;

Байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Шығармаларға қойылатын талаптар:

1. Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.

2. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.

3. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.

2. Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар, шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.

3. Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.

Авторлық құқық

- Байқауға қатысатын шығарманың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.

- Шығарманы байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды жинаққа және интернетте орналастыру құқығын береді.

Байқауға проза жанры бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүлде тағайындалады:

«Ертегілер:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

«Шағын әңгімелер»:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

Ұйымдастырушылардың міндеттері:

- қазылар алқасының құрамы іріктеліп, ұйымдастырушылардың шешімімен бекітіледі;

- ұсынған шығармаларды ұйымдастырушылар жанынан құрылған қазылар алқасы қарайды;

- қазылар алқасы 5 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;

- ұйымдастырушы байқау шығармаларын жеке-жеке бағалайды;

- ұйымдастырушылар жеңімпаз атанған үздік шығарма иелерін дипломмен марапаттайды;

- байқауға келіп түскен шығармаларды ұйымдастырушылар іріктеп, арнайы жинақ ретінде басып шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (7272) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.


ҚР АҚДМ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.
2022 ж. 29 шіл., жм, 09:30

ҚР АҚДМ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.

Байқау:

«Әдебиет»,

«Ғылым»,

«Дизайн және бейнелеу өнері»,

«Журналистика»,

«Классикалық музыка»,

«Қоғамдық қызмет»,

«Спорт»,

«Театр және кино»,

«Эстрада»,

«Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді. 

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен ҚР 29 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға ҚР Үкіметінің қаулысымен «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі; және лауреаттар   дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу аясында өткізіледі. 

Үміткерлердің құжаттары 2022 жылғы 10 тамызға дейін ҚР   Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс), 8(7172)74-05-25, 8(7172)74-18-43, 8-701-170-46-54; және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл. поштасы арқылы қабылданады.