Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды
2024 ж. 26 қыр., бс, 04:10

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-дан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылданады. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕСШІ» МИКРОБІЛІКТІЛІК БАҒДАРЛАМАҒА ШАҚЫРАЙДЫ
2024 ж. 16 там., жм, 09:45

Астана халықаралық университеті мен Халықаралық қаржы кеңесшілері қауымдастығы «Қаржы кеңесшісі» микроквалификациялық бағдарламасына тыңдаушыларды қабылдайды.


Қабылдау шарттары:

жоғары/орта арнаулы білім негізінде

қаржылық және инвестициялық сауаттылық

қабылдау емтихандары жоқ

ынғайлы оқыту форматы

оқу ұзақтығы – 2-3 ай


Сіз аласыз:

қаржы кәсіби құзыреттер

қаржылық кеңесші бағдарламасы бойынша микробіліктілік сертификаты

сертификат қосымшасы

Халықаралық қаржылық кеңесшілер қауымдастығының сертификаты

жаңа байланыстар мен таныстар

үздік бизнес-тренерлер мен бизнес-кеңесшілер

Қазақстанда және шетелде онлайн/офлайн форматында жұмыс істеу мүмкіндігі


Бұл бағдарлама қаржылық әл-ауқатты қалайтын, дағдарыстарды жеңе алатың және стресс деңгейін төмендететің тыңдаушыларға арналған.


Қаржы кеңесшісі – бұл қаржылық жағдайды бағалауды, ақшаны басқаруды және инвестициялық саясатты құруды білетін және нақты мақсаттарға жету үшін қаражатты көбейтетің тәуелсіз қаржылық сарапшы.


Бағдарлама құны – 1 200 000 теңге

Құжаттарды қабылдау – топқа қабылдау бойынша (7-10 адам)

Байланыс:

+7 775 757 57 24

+7 777 4352289

+7 701 7305411

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 8, 210 ауд.


Астанада Astana International University-де Бейжің Тіл және мәдениет университетінің (BLCU) қазақстандық бранч-кампусының салтанатты ашылуы өтті
2024 ж. 26 мау., ср, 11:41

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Мемлекет басшыларының қатысуымен Astana International University-де Бейжің Тіл және мәдениет университетінің (BLCU) қазақстандық брэнч – кампусының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл айтулы оқиға елдеріміздің білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетеді. BLCU-ның Астанадағы филиалы әлемде үшінші филиалы (Токио мен Бангкоктан кейін) және өңір үшін жоғары білікті мамандар шығаруға дайындалып жатыр.


Артықшылар және бірегей мүмкіндіктер

BLCU халықаралық рейтингтерде (QS #251-300) жоғары орындарға ие және шетелдіктерге қытай тілін даярлау және синхронды аудармашыларды даярлау бойынша шақырылған жетекші университет. 

1962 жылы құрылғаннан бері BLCU әлемнің 176 елінен 400 мыңнан астам шетелдік студенттерді дайындады және "кіші БҰҰ" деген атқа ие болды. BLCU-ның белгілі түлектерінің қатарына 1983-1984 жылдары оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жатады.

Қазақстандық бранч-кампус ұсынады: 

* BLCU және AIU профессорлары мен оқытушылары

* Қытай тілін оқытудың ең жақсы әдістері 

* Икемді оқу кестесі 

* BLCU филиал кампусындағы ресми HSK орталығы

* Кампус С 2.1 Expo-да орналасқан.


BLCU қазақстандық брэнч-кампусының мүмкіндіктерін ашыңыз! Осында сіз:

✅ Қытайда оқуға және халықаралық компанияларда жұмысқа орналасуға арналған фаундейшн және HSK сертификаттары 

✅Екі білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом гранттары: 

Қытай және ағылшын тілдері,

Аударма іс: қытай тілі

Мансабыңызды қытай және ағылшын тілдерін біліп арттырыңыз-BLCU брэнч-кампусына түсіңіз!

Байланыс ақпараты:

Call-center: +7 771 929 02 30 

Қабылдау комиссиясы: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы, 8



ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
2024 ж. 10 сәу., ср, 08:32

Құрметті ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің 1-3 курс студенттері!

Сіздерді 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру бағдарламасы бағыты бойынша университеттік пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерді дайындау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру, жоғары зияткерлік потенциалын қалыптастыру, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатыстырып, ғылыми қызметке қызығушылықтарын ынталандыру.


Күні: 15 сәуір 2024 ж.

Уақыты: 14:00

Орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 8, 2 корпус, 5 қабат, 509 ауд.

Қатысу форматы: оффлайн

Олимпиада өткізілетін тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиадаға қатысушылар 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркелуі керек:

https://docs.google.com/forms/d/1wu7B3p1CmUj13gb-RmMsvG_pshtmX0aJx2EzknjQMUc/viewform?edit_requested=true


1 кезең-Тестілеу

2 кезең - Программалау тапсырмалары


Қорытындылау және марапаттау: 15.04.2024 ж., сағат 18.00.

Өзіңізді көрсетіп, олимпиада жеңімпазы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Құрметпен,

Программалау бойынша пәндік олимпиаданы ұйымдастыру комитеті.


ЖЖОКБҰ-да мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға арналған хабарлама
2024 ж. 11 нау., дс, 05:18

Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – Оператор) болып табылатын «Қаржы орталығы» АҚ Сізге «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуыңызды аяқтағаннан кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 11.08.2023 жылғы № 403 бұйрығымен айқындалған мерзімде және тәртіппен үш жылдық немесе екі жылдық не мөлшерлес жұмыспен өтеу жөніндегі міндет жүктелетінін хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) түлектің жұмыс орны туралы мәліметтерді алу мақсатында Оператор «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге субъектінің келісімін алуы қажет.

Соған байланысты Сізге «1414» Бірыңғай байланыс орталығының SMS–шлюзі арқылы Операторға қызмет көрсету үшін дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру («51» хабарламасы) немесе келісім беруден бас тарту («512» хабарламасы) туралы ұсыныс келіп түседі.

«1414» байланыс орталығынан келісім беру («511» хабарламасы) немесе келісім беруден бас тарту («512» хабарламасы) туралы ұсыныспен келіп түскен SMS–хабарламаға білім алушының 15 минут ішінде жауап беруіне мүмкіндік беріледі, көрсетілген уақыт өткеннен кейін хабарламаның күші жойылады.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге Сіз келісім берген жағдайда («511» хабарламасы) ЕХӘҚМ-нен Оператордың атына Сіздің жұмыспен өтеуіңіз туралы мәліметтер (ұйымның БСН, ұйымның атауы және жұмыспен өтеу кезеңдері) ғана ұсынылатын болады. Бұл ретте Сіздің құпия сипаттағы басқа да дербес деректеріңіз ЕХӘҚМ-нің Операторға берілетін мәліметтерінде көрсетілмейді.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім берілмеген жағдайда («512» хабарламасы) 15 күнтізбелік күннен кейін Сізге дербес деректерге қол жеткізуге келісім беруіңіз туралы сұраулар қайта жіберілетін болады.

Сонымен қатар түлек Операторға жұмыспен өтеудің үш жылдық немесе екі жылдық не мөлшерлес мерзімі аяқталғанға дейін жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемені орындағанын растайтын құжаттарды өз бетінше жібереді. 

Хабарламаның мәтіні:


                                                 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ колл-орталығының 8 (800) 080-28-28 нөмірі бойынша хабарласуыңызды өтінеміз.