Жаңалықтар

...
2023 жылғы 15 мамырда Астана халықаралық университеті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасымен ынтымақтастық туралы келісім....
2023 ж. 22 мам., дс, 11:48

2023 жылғы 15 мамырда Астана халықаралық университеті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Кәсіпорынның негізгі қызметі тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпорын зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптаманы, өлшеу құралдарын тексеруді және сынақ жабдықтарын аттестаттауды, дезинфекция сапасын бактериологиялық зерттеу және биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды мен жоюды жүргізеді. ⠀

Келісім-шарт бойынша университет пен кәсіпорын  білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және студенттердің тәжірибелері мен тағылымдамаларын зертханада ұйымдастыруға мүдделі екендігі айқындалды.

Ынтымақтастық аясындағы алғашқы кездесу барысында зертхана бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Айталы Ермек Болатұлы мен жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Сейітхан Айнұр Сейітханқызы зертхана базасында биолог-студенттердің өндірістік практикасын өткізуге келісті.

Өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық болатынына сенеміз!!

...
2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында....
2023 ж. 21 мам., жс, 14:45

2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде  “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында Халықаралық олимпиада өтті. Астана Халықаралық университетінен 6В01502-Биология мамандығының 3 курс студенті Жеңіс Арайлым және 6В05101-Биология мамандығының 2 курс студенті Насредин Алдина қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының магистрі Ниязбек Аруна Сейілбекқызы. Сондай-ақ 6В01502-Биология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қазанбаева А.А., Жүкен Ә.С., Нұрғазина А.Е., Асылбек Ә.М. "Үздік қолданбалы жұмыс"  үшін номинациясын алды. Ғылыми жетекшілері: PhD Жумагул М.Ж., п.ғ.м. Тустубаева Ш. Т.

...
2023 жылдың 15 мамыр күні Астана халықаралық университеті мен "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт....
2023 ж. 21 мам., жс, 14:44

2023 жылдың 15 мамыр күні Астана халықаралық университеті мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды. Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау, азаматтардың өміріне және денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын іске асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етумен айналысады.  


Келісім-шарт аясындағы алғашқы кездесуде тараптар Ақпараттық талдау орталығы базасында эколог-студенттердің өндірістік тәжірибесін өткізуге уағдаласты. Тәжірибе барысында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері деректермен жұмыс істеу, атап айтсақ, экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және талдау дағдыларын игеретін болады!

...
2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында....
2023 ж. 15 мам., дс, 12:45

2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде  “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында Халықаралық олимпиада өтті. Астана Халықаралық университетінен 6В01502-Биология мамандығының 3 курс студенті Жеңіс Арайлым және 6В05101-Биология мамандығының 2 курс студенті Насредин Алдина қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының магистрі Ниязбек Аруна Сейілбекқызы. Сондай-ақ 6В01502-Биология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қазанбаева А.А., Жүкен Ә.С., Нұрғазина А.Е., Асылбек Ә.М. "Үздік қолданбалы жұмыс"  үшін номинациясын алды. Ғылыми жетекшілері: PhD Жумагул М.Ж., п.ғ.м. Тустубаева Ш. Т.

...
Экономика жоғары мектебінің қорытындысы шығарылды «Экономика, инновация және кәсіпкерлік» бағыты бойынша республикалық ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары конкурсы 11 сынып оқушылары....
2023 ж. 15 мам., дс, 12:06

Биылғы жылы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар байқауы мерейтойлық іс-шараларға орайластырылып, мектеп оқушыларының ғылыми білімдерін, шеберліктерін және таланттарын көрсетуге тамаша алаң болды. Байқау қорытындысы бойынша комиссия экономикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялар мен тәсілдерді ұсынған жұмыстардың өзіндік ерекшелігі мен жаңашылдығын атап өтті.

1 орынды Хромтау қаласы №4 орта мектебінің оқушысы Серікбаева Перизат жеңіп алды, жетекшісі Қамбарова Б.Б., номинацияға үміткер 100% жеңілдікпен ОЖСМ оқу жылына ие болды.

2-орынды Астана қаласы, No53 мектеп-лицейінің оқушысы Алмабеков Шафхат иеленді, оқу құнынан 10% жеңілдік. Ғылыми жетекшілерге еңбектері үшін алғыс айтамыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз және біз сіздерді университетте күтеміз!


...
АТжИЖМ студенттері бағдарламалау бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадада I орын алды
2023 ж. 28 сәу., жм, 11:13

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің (Петропавл қ.) базасында «6В06 Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар» бағыты бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Республикалық олимпиада 2 кезеңде өткізілді:

1) Деректер базасы және компьютерлік желілер

2) Объектіге бағытталған бағдарламалау

Олимпиадаға Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері Николаев Бахтияр (ЕТжБҚ-21 ТжКБ), Асылбеков Ислам (АЖ-20А), Әсет Әлібек (CS-21Б) қатысты. Команда жетекшісі - АТжИЖМ аға оқытушысы Калдарова Мира Жорабекқызы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Астана Халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің командасы I орынға ие болды. Жеке нәтиже бойынша АТжИЖМ студенті Николаев Бахтияр (ТжКБ-21 ТжКБ) II орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

...
Студенттердің стем-жобалар байқауына қатысуы
2023 ж. 28 сәу., жм, 11:05

«Ә. Марұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ  Павлодар облысы білім басқармасының  «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ -нің қолдауымен 7-11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-2 курс білім алушылары үшін  «STEM day 2023» стем-жобалар байқауын өткізді.  Байқауға 30 жоба ұсынылды.  Аталған байқауға Астана халықаралық университеті Педагогикалық институт тарапынан қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы А. Б. Жаныстың жетекшілігімен 3 жоба қатысты: 

- «Велопаркинг 3D моделін құрастыру», Ораз Жанерке, Тағай Ақжүніс,  «Информатика» білім беру бағдарламасының 2  курс студенттері;

- «Ауыл шаруашылығына статистикалық мәліметтерін қолдануға арналған математикалық моделі», Қойшыбай Бекнұр, Тұрсынхан Тұрғанай, «Информатика» білім беру бағдарламасының 2  курс студенттері;

- «Тұқым еккіш 3D моделін құрастыру», Калкабаева Элеонора, «Информатика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, Серік Замира, «Информатика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті. 

2  курс студенттері Ораз Жанерке, Тағай Ақжүніс «Велопаркинг 3D моделін құрастыру»  тақырыбындағы жобасымен жүлделі 3-орынды және бағалы «Смарт сағатты» жеңіп алды. 



Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!