«Қазақтың Қанышы» дөңгелек үстелі: ұлы ғалымның мұрасы












10 сәуір, Ғылым күніне орай, география клубының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Қазақтың Қанышы» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – академиктің еңбектерін жастар арасында насихаттау, ғылым мен білімге деген қызығушылықты арттыру болды. Дәстүр бойынша оқу жылының басында 1-курс студенттері Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» кітабын оқып, талқылады.
Іс-шара бағдарламасы:
· Қаныш Сәтбаевтың өмірінен сахналық көріністер,
· Академик туралы деректі бейнелер,
· «XXI ғасыр – Қаныш дәуірі», «Қаныш Сәтбаев – әлемдік тұлға», «Қаныш және ғылыми майдан» тақырыптарына баяндамалар.
Студенттер интерактивті ойындарға белсене қатысып, ашық пікірталас жүргізді, ғалымның ғылыми жолына тағзым етіп, оның мұрасының қазіргі заманға маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында аға оқытушы Ақнұр Бақытжанқызы Сағынбаева ең белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.
«Ғылым жолы – нұрлы жол. Сол жолда бірге болайық!»
Бөлісу:
Фотогалерея






