AIU-да шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Knowledge Sharing» семинары өтті


















Астана халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінде Путра университетінің (Малайзия) (UPM) Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультеті профессорларының қатысуымен «Knowledge Sharing» семинары өтті.
Семинар шеңберінде халықаралық академиялық ынтымақтастық, заманауи ғылыми бағыттар, сондай-ақ білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері қаралды.
Лили Н. Абдуллах қатысушыларды Малайзияның білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен және Путра университетінің (Малайзия) академиялық ортасымен таныстырды, сонымен бірге заманауи білім берудегі жасанды интеллектінің рөлі, оның мүмкіндіктері мен болашақ даму перспективалары туралы баяндама жасады.
Ал Фатимах Халид ғылыми қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша өзінің академиялық және зерттеу тәжірибесін бөлісті. Ол заманауи зерттеулер жүргізуде, деректерді талдауда және ғылыми жұмыстардағы AI-технологиялардың мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлді.
Семинар халықаралық тәжірибе алмасудың, өзекті ғылыми идеялар мен ынтымақтастық перспективаларын талқылаудың, сондай-ақ Астана халықаралық университеті мен Путра университеті (Малайзия) арасындағы академиялық және кәсіби байланыстарды нығайтудың тиімді алаңына айналды.
Шетелден шақырылған профессорларымызға баяндамалары мен кәсіби тәжірибе алмасудағы идеялары үшін алғыс білдіреміз!
Бөлісу:
Фотогалерея








