AIU және INTO: халықаралық білімге бастар стратегиялық қадам









INTO Халықаралық білім беру компаниясының бас кеңсесінде Astana International University Президенті С.А. Ирсалиев бастаған AIU делегациясы мен INTO компаниясының жетекші сарапшылары – Аккредиттеу жөніндегі директоры Стивен Роден (Steven Roden) және Өнімдер жөніндегі директоры Ричард Самуелс (Richard Samuels) арасында стратегиялық кездесу өтті.
Келіссөздердің негізгі бағыты AIU-дың халықаралық аккредиттеуден өту мәселелерін талқылау, сондай-ақ қазақстандық студенттерге арналған бірлескен білім беру траекторияларын әзірлеу болды. Атап айтқанда, INTO сарапшылары Foundation дайындық бағдарламасын академиялық модельдерге енгізуді ұсынды. Бұл модельдер студенттерге оқуын AIU-да бастап, Ұлыбритания мен АҚШ-тың жетекші университеттерінде сәтті жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – AIU мен INTO арасында ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылуы болды. Бұл құжат AIU студенттеріне Ұлыбританияда сапалы білім алуға және әлемдік деңгейдегі дипломдарға қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар бұл меморандум AIU-дың халықаралық білім беру кеңістігіндегі дамуына жаңа серпін беріп, университеттің халықаралық деңгейдегі білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық ұстанымын нығайта түседі.
AIU – халықаралық білімге жол ашатын жаңа мүмкіндіктер мекені!
Бөлісу:
Фотогалерея





