AIU студенттерді «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуға шақырады

Бүгін Астанада 19 жоғары оқу орны бас қосып, «Кітап оқитын ұлт» жобасын талқылады.
Жобаның миссиясы – елімізді әлемдегі ең көп оқырманы бар он мемлекеттің қатарына енгізу және бала кезден кітап оқу әдетін қалыптастыру.
Жобаның мақсаты:
· Кітап арқылы жастардың білімін арттыру
· Төл әдебиетімізді дәріптеп, рухани және мәдени құндылықтарды нығайту.
Жоба екі негізгі бағыттан құралған:
· «Кітап оқитын университет» – бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына;
· «Кітап оқитын зияткер» – оқытушыларға, зерттеушілер мен университет қызметкерлеріне арналған.
Қатысушылар ұсынылған 15 әдеби шығарманы 6 ай ішінде оқып, білімді бағалауға арналған сынақтардан өтеді. Марафонға қатысу үшін reading-nation.kz бірыңғай цифрлық платформасына кіру қажет.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Астана халықаралық университеті ұжымы білім алушылар мен қызметкерлерді кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық әдебиетті қолдауға шақырады.
Бөлісу:



