Ұстаздың әдебі мен беделі









2025 жылы 28 наурыз күні физика ББ қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л. Ғ. Касенованың жетекшілігімен «Педагогикалық әдеп – ұстаз шеберлігінің негізі» атты семинар өтті.
Семинар мақсаты – ұстаздың әдебі мен беделі тақырыбының теориялық және практикалық аспектілерін талқылау, қатысушылар арасында пікір алмасу.
Семинарға қатысқан ғалым-педагогтар, білім алушылар мен құрметті қонақтар соңғы уақыттарда қоғамда жиі көтерілетін күрделі сұрақтардың біріне бірігіп жауап іздеп көрді.
Спикерлер арасында педагогикалық этика бойынша оқу құралдарының авторы, белгілі ғалым-педагог Э.А. Урунбасарова (Esil University), техникалық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Г. М. Аралбаева (Л.Гумилев ат. ЕҰУ), Астана қ. «№ 5 мектеп-гимназия» мекемесінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.М.Бахриденова, «Физика» БББ магистранттары мен студенттері: Ахмедина Азия (Тұран-Астана колледжінің ұстазы), Берікбай Ақерке («Талан» білім орталығының ұстазы), Бейбітұлы Рамазан («Mugalim Ardaim» жобасының IDP менторы) және аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы «Физика» БББ қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Л. Ғ. Касенова.
Талқыға салынған баяндамалар өзекті мәселелердің түп себептерін анықтап, оларды шешуге бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея





