AIU-да экологиялық мәселелерді талқылауға бағытталған ғылыми семинар өтті


















10 қарашада Астана халықаралық университетінде «Табиғатты кім құтқарады: ғылым, мемлекет әлде қоғам?» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнара Әділгерейқызы Бимағамбетова «Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау, экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми мүмкіндіктерді қарастыру.
Жиынға PhD, қауымдастырылған профессор С.Р. Хамзина, биология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Г.С. Сапарова мен Б.А. Байдалинова, PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ш.Т. Тұстаубаева және «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар табиғатты қорғаудағы ғылыми жетістіктер мен мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.
Бөлісу:
Фотогалерея








