AIU-да Қытай халқының Күз ортасы мерекесі атап өтілді






























Астана халықаралық университетінде Қытай мәдениетіне құрмет көрсету мақсатында «Бір ай астында — Under the Same Moon» атты мәдени-танымдық іс-шарасы өтті. Күз ортасы мерекесіне арналған жиын Қазақстан мен Қытай студенттерін ортақ мәдени кеңістікке біріктірді.
Қытай халқы үшін Күз ортасы мерекесі — отбасы бірлігін, өзара сыйластық пен рухани жақындықты білдіретін ерекше күн. Ал толық ай –татулық пен тұтастықтың нышаны. Іс-шара барысында студенттер мерекенің шығу тарихы және оның негізгі дәстүрлерімен танысты.
Қатысушылар назарына ұсынылған «Чанъэ туралы аңыз» қойылымы көрерменді көне Қытай мифологиясының әлеміне жетеледі. Сахналық көрініс мерекенің тарихи және рухани мазмұнын ашып, бағдарламаға ерекше әсер сыйлады.
Жиындағы ерекше сәттің бірі - Бейжіңдегі Халықаралық бизнес және экономика университетінде (UIBE) білім алып жүрген 4-курс студенттері мен серіктес жоғары оқу орны өкілдері жолдаған бейнеқұттықтаулар. Экран арқылы айтылған жылы лебіздер Қазақстан мен Қытай жастарының бір-біріне деген құрметінің нышаны.
«Бір ай астында» іс-шарасы – жай ғана мерекелік бағдарлама емес, екі елдің достығын нығайтуға бағытталған ізгі бастама. Бір аспан мен бір ай астында Қазақстан мен Қытай жастарының бірлігі ажырамасын деп тілейміз.
Бөлісу:
Фотогалерея












