AIU- да профессор Қ.М. Кертаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті






























Астана халықаралық университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасындағы деонтология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кертаева Қалиябану Махметқызының туғанына 80 жыл толуына орай «Заманауи білім беру трендтері жағдайындағы деонтология: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Конференция педагогика және білім беру саласындағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың басын қосты. Пленарлық отырысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің өкілдері қатысты.
Ғылыми баяндамалармен п.ғ.д., профессор Жуматаева Е.Ө.; п.ғ.д., профессор Аганина Қ.Ж.; п.ғ.д., профессор Уразова М.Б.; п.ғ.д., профессор Карабалаева Г.Т.; п.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Курсабаев М.К.; математика бойынша философия докторы, доцент Мамедова Т.Б.; п.ғ.д., доцент Каирбекова Б.Д. сөз сөйледі.
Конференцияның ерекше сәттерінің бірі – Кертаева Қалиябану Махметқызына әріптестері мен шәкірттерінің жүрекжарды құттықтаулары болды. Ізгі тілектері мен алғыстарын қоғамдық ұйымдар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері – Макенова А.М., п.ғ.д., профессор Абильдина С.К., п.ғ.к., доцент Галиева Б.Х., п.ғ.к., профессор Есимова Д.Д. өздерінің алғыстарын білдірді.
Конференция педагогикалық деонтология, кәсіби этика және заманауи педагогтің адамгершілік жауапкершілігі мәселелерін талқылауға мүмкіндік берген маңызды кәсіби және ғылыми диалог алаңына айналды.
Іс-шара Кертаева Қалиябану Махметқызының ғылыми мұрасының маңыздылығын және оның Қазақстандағы педагогика ғылымы мен деонтологиялық мәдениетті дамытуға қосқан көпжылдық үлесін айқындады.
Бөлісу:
Фотогалерея












