AIU мен IDP IELTS Kazakhstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды





















Бүгін Астана Халықаралық университеті мен IDP IELTS Kazakhstan халықаралық емтихан орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесуге Астана Халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева және университеттің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі деканы Руслан Муратов пен Экономика жоғары мектебі деканы Зубираш Смагулова қатысты. Сонымен қатар IDP IELTS Kazakhstan емтихан орталығының бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Айгерим Ондабаева болды. Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – университет студенттері мен оқытушыларының ағылшын тілі деңгейін жоғарылату, халықаралық емтихандарға сапалы дайындалуға жағдай жасау.
Меморандум аясында университет студенттері үшін IELTS емтиханына тіркелу кезінде қызмет көрсету, тестілеуге қатысуға қосымша мүмкіндіктер ұсыну, IELTS емтиханына дайындық бойынша семинарлар мен вебинарлар және шеберлік сыныптарын ұйымдастыру бастамалары сөз болды.
Бұдан бөлек бұл ынтымақтастық университет оқытушылары үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Өйткені, ағылшын тілі пәні оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқу бағдарламалары қарастырылған.
Алдағы уақытта тараптар бірлесіп, ағылшын тілінен олимпиадалар мен байқаулар, дебаттар, тағылымдамалар мен конференциялар өткізу арқылы студенттердің тілдік және академиялық дағдыларын дамытпақ.
Бөлісу:
Фотогалерея









