Астана Халықаралық университетінде «Әділет» партиясының экологиялық бастамалары мен «Таза Қазақстан» жобасы талқыланды


















Бүгін Астана Халықаралық университетінде «Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында «Таза Қазақстан – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты іс-шара өтіп, партия өкілдері университет ұжымымен кездесті.
Жиынға «Әділет» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалынан ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау науқанының сенімді өкілі, Астана Халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, партия Кеңесінің мүшесі әрі «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Елдос Абаканов қатысты.
Кездесуде «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Астана Халықаралық университеті Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Руслан Муратов қалдықтарды өңдеудің маңызына тоқталып, «Green AIU» жобасын таныстырды. Бұл бастама аясында жылына 22 тоннаға дейін пластик, металл және қағаз қалдықтарын қайта өңдеу жоспарланған.
Жиын соңында қатысушылар «Әділет» партиясының өкілдерімен пікір алмасып, экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайтындарын білдірді.
Бөлісу:
Фотогалерея








