Астана Халықаралық университетінің студенттері Қытайдағы жазғы мектепке қатысуда


















Астана Халықаралық университетінің «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасының студенттері осымен төртінші рет серіктес оқу орындары – Халықаралық бизнес және Экономика университеті мен Цзянсу мұхит университеті ұйымдастырған «New Eurasian Land Bridge International Talent Exchange Program 2026» халықаралық жазғы мектебіне қатысуда. AIU студенттері үшін арнайы дайындалған білім беру бағдарламасы биыл Қытайдың Бейжің және Ляньюньган қалаларында ұйымдастырылды. Бір аптаға жоспарланған жоба аясында қатысушылар қытай тілін қарқынды меңгеріп, Шығыс халқының бай мәдениеті және ғасырлар бойы сақталған дәстүрімен танысатын болады. Сонымен қатар, мәдениетаралық коммуникацияны дамытып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі білім беру сабақтары мен тарихи-танымдық экскурсиялық шараларға қатысады.
Халықаралық жазғы мектептің салтанатты ашылу рәсімінде тараптар бір-біріне алғыс айтып, құрмет білдірді. Іс-шарада Астана Халықаралық университеті академиялық саясат департаментінің директоры Медеубаева Балжан Заруетовна құттықтау сөз сөйлеп, мұндай ауқымды жобалардың студенттер үшін маңызды екенін атап өтті. «Халықаралық бизнес» мамандығы студенттері халықаралық жазғы мектепке қатысуды жыл сайын дәстүрге айналдырып келеді. Қытайдың жетекші оқу орындарымен халықаралық байланыстарды нығайту – қос тарап үшін де пайдалы. Алдағы уақытта студенттерімізге жоба аясында сәтті білім алып, қызықты әсерлер мен жаңа жетістіктерге жетулерін тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея








