Астана Халықаралық университетінде биылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті
























2026 жылдың 1-3 шілде аралығында Халықаралық Астана университеті бакалавр және магистр дәрежесінің иегерлеріне ресми түрде диплом табыстау рәсімін өткізді. Салтанатты шараның шымылдығы түрілген күні болашақ педагогтер, психологтер, жаратылыстану-ғылыми пәндері, информатика, тарих, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері дипломдарын қолдарына алды. Келесі күні, яғни 2 шілдеде Жоғары экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі, Жоғары жаратылыстану ғылымдары мектебі, сондай-ақ Жоғары ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі түлектеріне дипломдар табысталды. Ал 3 шілде күні Жоғары өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебінің түлектері мен магистр дәрежесін қорғаған мамандар марапатталды.
Биыл педагогикалық, экономикалық, заңгерлік, жаратылыстану-ғылыми, инженерлік-техникалық, гуманитарлық және шығармашылық бағыттардағы білім беру бағдарламаларын 1474 түлек сәтті аяқтады. Астана Халықаралық университетінің басшылығы оларды оқуларын сәтті аяқтауларымен құттықтап, жас мамандарға кәсіби жетістіктер тіледі. Алдағы уақытта университет түлектері еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп кәміл сенеміз.
Бөлісу:
Фотогалерея










