AIU және Қытайдың SPIC мемлекеттік корпорациясы жасыл энергетика саласына мамандар даярлау бойынша келіссөз жүргізді


















2026 жылы 10 шілдеде Астана халықаралық университетінде (AIU) университет басшылығы жасыл энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Қытай мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясының (SPIC) делегациясымен кездесті.
Келіссөздердің басты бағыты – сауда-экономикалық байланыстарды нығайтумен қатар, ең маңызды басымдықтың бірі саналатын білікті кадрлар даярлау мәселесі болды.
Дәл осы мамандар SPIC корпорациясының да, ҚХР-дың басқа да компаниядарының Қазақстан мен Орталық Азия аумағында жүзеге асырып жатқан бірлескен жобаларын тұрақты әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
Қытай делегациясының басшысы Ван Ханьчжун мырзаның айтуынша, қазір Қазақстанда екі мыңнан астам қытайлық мемлекеттік компания жұмыс істейді. Осы орайда, жергілікті жоғары білікті кадрларға жыл сайын 300-ден 500 адамға дейін сұраныс бар.
Болашақ мамандарға кәсіби құзыреттілікпен қатар, жоғары талаптар қойылады. Атап айтсақ, олар қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі керек. Бұл ретте нарыққа тек инженерлер мен энергетиктер ғана емес, сонымен қатар кең профильді сарапшылар: заңгерлер, қаржыгерлер, әкімшілік және бизнес-басқару саласының мамандары да қажет.
Білім беру мекемелерімен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар SPIC корпорациясы Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шанхай көлік университетімен бірлескен институт ашқан. Бүгін SPIC өкілдері білікті кадрларды дайындау мақсатында Астана халықаралық университетімен серіктестік орнатуға ниет білдірді.
AIU-дағы жаңа білім беру бағдарламалары тек SPIC корпорациясының ғана емес, Орталық Азия өңірінің нарығында жұмыс істейтін басқа да қытайлық компаниялардың кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталады деп жоспарлануда.
Кездесу достық әрі нәтижелі іскерлік жағдайда өтті. Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын жақын арада жұмыс топтары деңгейінде егжей-тегжейлі пысықтауға келісті.
Бөлісу:
Фотогалерея








